Қонаевта «Аспан Фест» музыкалық фестивалі мәресіне жетті

Қонаевта «Аспан Фест» музыкалық фестивалі мәресіне жетті. Орталық алаңға жиналған 20 мыңнан астам көрермен жаздың кешіндегі ән мен биге толы концертті тамашалады. Қала тұрғындары қызықты байқауларға қатысып, түрлі сыйлықтар ұтып алды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы айтылды. Бұл фестивальді өткізудегі негізгі мақсат шахар мәдениетін дамытып,  отандық өнерді кеңінен насихаттау. Ол келесі жылы өткізіледі» дейді ұйымдастырушылар.

ӘНУАР ҮМБЕТӘЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
« Міне бүгін, бүгінгі таңда халықтың көңіл-күйіне ауа-райына қарамастан, жақсы жиналып, өте көңілді кешіп өтіп жатыр. Былтырғы жылдан ерекшелігі, биыл, мысалы былтырғы жылда бір-екі хедлайнер болса, бүгінгі таңда, жылда бізде ай сайын бір рет өтеді, бірақ жалпы мына эстрада жұлдыздарының саны көп».

Сондай-ақ оқыңыз: