«Асау» әскери ойындары: Қонаев гарнизонының сарбаздары білімдерін сынады

Қонаев гарнизонында ұйымдастырылған «Асау» әскери ойындарына қатысып жатқан сарбаздар  білім деңгейі мен ел тарихына деген танымын сынға салды. Бесінші кезеңде олар Қазақстан тарихы мен Конституция, «Заң және тәртіп» қағидаты, сондай-ақ қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы – «Ақ боз үй» романы бойынша білімдерін ортаға салды. Сарбаздар білімін  шығарма авторы, жазушы Смағұл Елубайдың өзі бағалады. Алда – алтыншы, қорытынды кезең. Шешуші сында үздік нәтиже көрсеткен сарбаз Қонаев гарнизонының ең үздік жауынгері атанады.

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ
«Сарбаздарға айтатын сөзім шын мәнінде жазушылар да бір сарбаз. Біз Отан қорғаушылардың рухын тәрбиелейміз. Ал Отан қорғаушылардың рухы мықты болмаса, ол қалай Отанды қорғайды. Сондықтан бүгінгі шара дұрыс шара деп айтамын. Яғни кітап оқуға бет бұруы, соған басшыларының жағдай жасауы өте дұрыс шара».

Сондай-ақ оқыңыз: