Балқаштың батыры
Пауэрлифтинг спортынан әлемнің екі дүркін чемпионы, 12 мәрте Қазақстан жеңімпазы - жас зілтемірші Ерлан Алдиярды жастар өзіне өнеге тұтады. Балқаш ауданының тумасы бүгінде осы спорт түрі бойынша Алматы облысында аға жаттықтырушы қызметін атқарып жүр. Тлшіміз спортшымен тілдесіп, жетістікке жетудің сырын сұрады.
Балқаш ауданының тумасы Алдияр Ерланұлы бүгінде Қонаевта және Бақанаста шәкірт тәрбиелеп жүр. Екі иығына екі кісі мінгендей қара күш иесі әу баста Дзюдомен одан кейін қазақ күресімен айналысқан. Кейін өз бойындағы алапат күшті сезген соң 14 жасынан батсап қолына зілтемір ұстапты.
АЛДИЯР ЕРЛАНҰЛЫ
ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
«Қажмұқан атамыз сияқты талай батырлар шыққан. Жалпы қара күш деген қазаққа жақын. Әр қазақтың ішінде бар. мен сол күшті бала кезімде тауып жолға салдым»
Алдияр Ерланұлы 17 жасында жатып сығымдаудан 225 келе салмақты еркін көтереді. Мұндай жағдай жалпы бұл спортта сирек кездеседі. Ал оның жеткен жетістіктеріне тоқталсақ.
АЛДИЯР ЕРЛАНҰЛЫ
ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
«6 дүркін азия чемпионы және жүлдегері, 2 дүркін әлем 12 мәрте Қазақстан яемпионымын. 2017 де спорттық карерамды аяқтауға тура келді. Жарақат алғаныма байланысты. Енді қазіргі таңда алда мақсат бар. осы республика чемпянатында тағы бір бақ сынасам деген»
Бүгінде көпке танымал қазақстандық ауыр атлет Алматы облысы бойынша аға жаттықтырушы. Ол 60 қа жуық шәкірт тәрбиелеп, талай халқаралық додаларда топ жарып жүр.
АЛДИЯР ЕРЛАНҰЛЫ
ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
«Алматы облысы құрамасымен атқарған жұмысымыз азия чемпиянатына барып келдік. Ол жерден 6 алтын, бір күміс бір қоламен қайттық. Оның ішінде жас өспірімдер ерлер мен әйелдер бар. одан бөлек Қазақстан чемпионы болдық»
АЗАМАТ ТЕЛТАЕВ
БАЛҚАШ АУДАНЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазір біздің ауданда да балалар осы спортпен айналысуда. Алдияр өзі дайындап жатыр. Жақында ғана жарыстарға барып азия чемпиянатынан бірінші орын алып келді балалар. Енді алда өтетін әлем чемпиянатына дайындалып жатыр. Ол балаларға сеніміміз зор»
Айта кетсек пауэрлифтинг спортында қатысушылар ережеге сай үш норматив бойынша күш байқасады. Ол әуелі зілтемірмен отырып тұру, жатып көтеру және тік тұрып белге дейін көтеру.