Қарасай ауданында пара волейболдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Қарасай ауданында пара волейболдан ел чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің алты өңірінен келген спортшылар арасындағы  тартысты бәсеке қалай өрбіді?

Дамира Сұлтанбекова жарысқа  «Асыл» командасы атынан қатысып отыр. Ол әйелдер арасында Қазақстан құрамасының тәжірибелі спортшысы. Бала күнінен әкесі спортқа баулыған. «Тағдыр сынағына ұшырағанда спорт жаныма демеу болды» - дейді ол .

ДАМИРА СҰЛТАНБЕКОВА 
СПОРТШЫ
«2011 жылы жол апатынан кейін бір аяғымнан айырылғаннан кейін 2019 жылы Астана қаласына көшіп келіп, сол жерде медициналық қарауда болдым. Одан кейін Астана қаласының құрамында ойнадым. 2025 жылы осы ҚР параволейболдан ұлттық құрам ашылып, жинақталып, сол құрамның мүшесі атандық. СКЛ. ҚР чемпионаты біздің көптен күткен жарысымыз, бәйгеміз. Бүгінгі жарыста біз өз-өзімізді көрсетеміз. Өз өзімізге сенеміз және бірінші орын бізді күтіп тұр.»


Әйелдер арасындағы параволейболды дамытуда Алматы облысының орны ерекше. Былтыр облыс командасы ел чемпионатын жеңіп алған. Бұл жолғы біріншілікте осал команда болған жоқ. 

НҰСРЕТ АҚЫЛБАЕВ 
ҚР ПАРА ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ 
 «Параволейболды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Әйелдер құрамасының тәжірибелі спортшылары мен өз ісіне берілген мамандар қалыптасып  келеді. Алдағы мақсатымыз – Азия чемпионатында жүлделі үштікке ену. Қазір Қазақстан Азия рейтингісінде жетінші орында тұр.»

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысының спортшылар иеленсе, екінші орын Астана қаласы ойыншыларына бұйырды. Ал үштікті түйіндеген Жетісу облысы болды. Енді ойыншылар Азия чемпионатына дайындығын бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз: