Алматыда Әлім Анапияновтың 70 жылдық мерейтойына арналған ардагерлер арасында футболдан турнир өтті
Алматыда құрметті спорт қайраткері, журналист Әлім Анапияновтың 70 жылдық мерейтойына арналған ардагерлер арасында футболдан турнир өтті. Әлім Ілиясұлы көп жыл спорт журналистикасында еңбек етіп, «Вечерний Алматы» газетінде журналист болған. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына арналған тілшілер байқауында оның мақаласы жүлделі орын алған. Жалпы Жарысқа Алматы облысының «Хан-Тәңірі», «Ардагер», «Найза», “Алатау” командалары, сондай-ақ Алматыдан «Сұлтан», «Қаламгер», «Динамо», және «Заңғар» споттық ұжымдары қатысты. Ойындар 7 де 1 форматында өткізіліп, командалар екі топқа бөлінді. Турнир жеңімпаздары кубоктармен, тиісті дәрежедегі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ЕРКІН ҚУАНЫШҰЛЫ
ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫСЫ
«Ардагер деген группада бірге ойнаймыз Әлім аға екеуміз. Демалысты асыға күтеміз. Өйткені үлкен кісілер жиналады. Арамызда 70 ке келген кісілер бар. Спорт деген жақсы нәрсе ғой. Араласасың үйде отырып қалмайсың. Содан кейін денсаулыққа пайдалы.»