Алматыда алғаш рет медиа-баскетбол турнирі өтіп, чемпиондық атақ үшін 8 команда бақ сынады

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында медиа-баскетбол турнирі өтті. Чемпиондық атақ үшін 8 команда бақ сынайды. Алаңға спортшылар мен бірге  өнер адамдары, медиа және басқа да салалардың өкілдері шығады. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған бұл баскетбол лигасынның көздегені - түрлі сала мамандарын біріктіріп, спорттық әрі шығармашылық қырларын таныту.  3×3 форматында  өтетін жарыстың жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңге. Ойынан бөлек көрермен  музыкалық концертті тамашалап, түрлі интерактивті шараларға қатысады.

ЕВГЕНИЙ БУЛАТОВ
ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 
“Бүгін спор срайына екі жарым мыңнан астам көрермен келді. Әсіресе жас балалар үшін ойнның әрбір сәті қызық. Жарыс жоғары деңгейде өту үшін бәріміз ұйымдасып жұмыс істедік. Бұл нағыз спорттық шоу” .

АЛЕКСАНДР БИЛЯНОВ
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАСКЕТБОЛДЫ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
“Бұл елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан ауқымды медиа-баскетбол бәсекесі. Біз бұл жетістікпен шектелмейміз. Спорттағы жеңістеріміз әлі алда деп ойлаймын” .

Сондай-ақ оқыңыз: