Еңбекшіқазақ ауданында IV халықаралық «Алтын адам кубогы» бокс турнирі басталды
Еңбекшіқазақ ауданында бокстан IV халықаралық «Алтын адам кубогы» турнирі басталды. Дәстүрлі бәсекеге Қазақстанның 6 өңірінен бөлек, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің спортшылары да келді.
Жарысқа 15-16 жастағы 130 дан аса былғары қолғап шебері қатысып, бақтарын сынауда. Рингте 11 салмақ дәрежесі бойынша тартысты кездесулер өтті. Қатысушылар арасында халықаралық жарыстарда тәжірибе жинап жүрген үздіктер бой көрсетті. Шаршы алаңда шапшаңдығымен көзге түскендердің бірі - Шыңғыс Тұрсын.
ШЫҢҒЫС ТҰРСЫН
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫСЫ
"Боксқа 2 сыныптан бері қатысамын. Осымен 12 жыл болады. Осы жарысқа 2-3 ай дайындалдым. Салмақтан бірақ қиындықтар болды. Болашақта Қазақстан, әлем, Азия чемпионаты болуға тырысамыз".
Жарыс атауының да өзіндік мәні бар. «Алтын адам» — Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының жарқын символы. Ол күш-қайратты, абырой мен ұрпақтар сабақтастығын білдіреді. «Әр жеке-жек өте тартысты өтіп жатыр. «Ал үздік нәтиже көрсеткендерге Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы беріліп, олар халықаралық жарыстарға қатысады» – дейді ұйымдастырушылар.
МАҚСАТ БАҚТЫБАЗАРОВ
БОКСТАН U23 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
«Бұлар енді жастар құрама командасына еніп, одан кейін 22-23 жастағы боксшылар санатына келіп қосылады. Осы боксшылардың ішінен біз түртіп алатын балаларды қарап іріктеп, солардың арасынан ертең еліміздің атын шығарады дегендерді Азия, Олимпиада, әлем чемпионаттарында өнер көрсетеді деген балаларды қарап, іріктеп алсақ деген жоспар.»
ТІЛЕК МАНАП
БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТӨРЕШІ
«Жалпы төрешелір келген көрші мемлектетерден. Яғни, арнайы шақыртылған төрешілеріміз бар. Олар халықаралық дәрежедегі төрешілер. Олар әлем және Азия ойындарында төрешілік жасағаносы жарыста өздерінің әділдігін көрсетіп, жеңімпаздарды анықтауға үлесін қосуда» .
Жарыс 28 тамызда аяқталады. Оның қортындысы бойынша «Үздік боксшы, жаттықтырушы және төреші арнайы номинацияларының иегерлері анықталып, марапатталады.