Күш сыналар алаң
Конаевта Workout Strong турнирі өтті. Ақ білектің күшіне сенген 14 пен 35 жас аралығындағы 50-ге жуық жас өзара мықтыны анықтады. Сайысқа қатысушылар белтемірге тартылып бақ сынасты. Финалға шыққандар қарсыласпен қатар, уақытпен де жарысты. Нәтижесінде өз мықтылығын дәлелдеген Бахтияр Оразақын, Әділ Шаймерденов және Ақжол Дәулетбақ үздік үштікке еніп, ақшалай сыйлықтарды иеленді. Жарыста бақ сынаған өзге де жастар құралақан қайтпай, арнайы сыйлықтарға ие болды. "Жастардың бұқаралық спортқа деген ынтасы жоғары. Осындай ауқымды турнирлер алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіледі. Оған қала аумағында заманауи жаттығу алаңдарының жиі орнатылуы оң әсер етіп отыр" дейді ұйымдастырушылар.
ДИАС БАРЫС
ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
« Жастар мотивация болып, келген кезде, шабыт келген кезде любой жерде жасай беретіндей бір саланы таңдағым келді. Сосын турниктің арқасында тура келді бұл жаққа, стрит воркаут деген сала. Қазақстан бойынша 30-дан астам үлкен жарыстардың организаторы болдым. Басты ниет ел-жұртқа пайдалы болу»