Ұлы даланың рухы
Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде белгілі суретші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ағымсалы Дүзелхановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың рухы» атты ауқымды көрме ашылды. Суретшінің қолданбалы графика, кітап безендіру, портрет жанрындағы керемет туындылары қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорына енді.
Көрме суретшінің әр жылдары дүниеге келген жұмыстарын топтастырды. Экспозицияда Ағымсалы Дүзелхановтың алғашқы натюрморттары, эскиздері мен нобайлары, сондай-ақ шығармашылық ізденісінің әр кезеңін танытатын суреттер бар. Сондай ақ қылқалам шеберінің түркі өркениетіне, қазақ эпосына, тарихи тұлғаларға арналған шығармалары туралы мол ақпарат алауға болады.
ЖҰМАҚЫН ҚАЙРАНБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Неігзгі жұмыстары тарихи жұмыстар. Эпоста айтылып жүрген батырлар, хандар бар осылардың барлығын картинаға айналдырды.сондықтан құлақпен естіген эпосты қазір көзбен көреміз. «Егемендік алғанда Қазақстан тарихында бірінші біздің теңгемізді жасаған Ағымсалы. Теңгенің авторы Ағымсалы. Міне осындай жетістіктерге жетті»
Суретші Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын тәмамдаған. Тарихи кескіндеме, станоктық және кітап графикасы, плакат өнері салаларында жемісті еңбек етіп, 300-ден астам кітапті безендірді. Өміріні өнерге арнаған хас шебер бай тәжірибесін жастарға үйретіп, шәкірт тәрбиеледі.
САНЖАР СЫРҒАБАЕВ
Ә.ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Жас суретшілердің Ағымсалы Дүзелхановтан үйренері өте көп. Оның еңбекқорлығы. Үйренетін себебі ол кісі бір кез-келген суретті жасамас бұрын илюстрацияны бастамас бұрын сол суреттерге бірнеше көптеген ондаған жиырма шақты нобайлар жасайтын болған. Және ізденісі өте көп болған.
Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Ағымсалы Дүзелханұлы былтыр 74 жасында дүниеде өтті. Суретшінің шығармашылық мұрасы сан алуан. Оның бірегей туындылары өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды. Уақыт сынынан өткен бұл еңбектер ұлттық кескіндеменің алтын қорын толықтырып, кейінгі ұрпаққа жететін құнды мұраға айналды.