Қаламгерге құрмет

Қазақ жазушысы, драматург Рахметолла Райымқұловтың есімі Ташкенттегі Қараманас ауылындағы нөмірі 34-ші мектепке берілді. Қаламгер осында білім алып, шығармашылық жолын  бастаған. Салтанатты іс-шараға екі елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен  және Рахметолла Райымқұловтың ұрпақтары қатысты. Құрметті меймандар жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған мемориалдық  көрмемен танысты. Жазушының қызы Ақтоты Райымқұлова әкесінің өнегелі өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өзбек еліне алғыс айтты. 


АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА 
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 
«Кіндік қаны тамған жерден 14 жасында жалаң аяқ Ташкентке оқу оқимын деп кетіп, содан бері педтехникумда оқып, осында ұстаздық жасап, Алға редакциясында бас редактор болып, Алматыға барып, комунистік журналистік институтына түсіп, содан бері Қазақстанда лауазымды жұмыстарда болды. Осы мектептен белді азаматтар, маңдай алды азаматтар шығады деп үміттенімін. Өзімнің атымнан осы мектептің кітапханасын, класстарын әрлетіп, заманауи түрге келтірдік.»

МӘЛІК ОТАРБАЕВ 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ  
«Бұл ғасырлар бойы жасап келе жатқан қазақ пен өзбек халықтарының ортақ рухани құндылықтарына, әдебиеті мен мәдениетіне деген жарқын көрінісі. Осы орайда Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке қазақтың көрнекті қаламгерінің мұрасына көрсетке айрықша ілтипаты үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.»

Сондай-ақ оқыңыз: