Тәртіп сақшыларының турнирі
Қонаев қаласында Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. 14 команда қатысқан жарыс тәртіп сақшыларының дене дайындығын шыңдап, командалық рухын көтеріп, қызметтен тыс қырынан танылуына мүмкіндік береді. Доп додасында үздік ойын көрсеткен полицейлер арасынан Алматы облысының құрама командасы жасақталады. Сөйтіп команда Шымкентте өтетін Ішкі істер министрлігінің мини-футбол чемпионатында өңір намысын қорғайды.
НҰРЖАН НҮСІПЖАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД АРНАЙЫ ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН ЖАСАҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
« Спортқа келген кезде ол енді жұмыстан бөлек біздің айналысатын спорт түріміз. Барлық жігіттер дайын спорт жағынан болсын, жұмыс жағынан болсын. Жұмыстан бөлек тыс осы спортпен айналысамыз, біздің арнайы мақсатымыз»
НАУРЫЗБАЙ ЕРҒОЖА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ СПОРТ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ
« Спорттық шара жыл сайын ұйымдастырылады. Сонымен қатар, түрлі спорттардан айына бір рет бізде іріктеу жарыстары өтіп отырады. Мысалы алдыңғы айда бізде бокстан іріктеу жарысы өтті. Оның алдында күрестен, дзюдо күресінен іріктеу жарыс өтті. Қазіргі таңда мынау бізде қыркүйек айында осы футболдан дайындалсақ, қазан-қараша айында самбодан және қоян-қолтық ұрысынан іріктеу жарыстарына полиция қызметкерлерін дайындаудамыз»