180 домбырашы бір мезетте қазақтың күйін күмбірлетті

Облыстық «Ауылым алтын бесігім» байқауы әлі де жалғасып жатыр. Бүгін қазылар алқасы Қарасай ауданының өнерін тамашалады. Азаттық пен тәуелсіздік жолында күрескен батырлардың, ел бірлігін ту еткен би-шешендердің мекенінде қазақы салт-дәстүр дәріптеліп, ән мен күй шырқалды. Дәстүрлі жарысқа ауданның 5 мәдениет үйі, кітапханалары мен музей ұжымдары және аймақтың тұрғындары атсалысты. Қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, бір мезетте 180 домбырашы қазақ күйін күмбірлетті. Бұдан бөлек мәдениеттің цифрлық дамумен байланысы, кітап оқитын ұлт жобасы да назардан тыс қалмады. Ал биылғы жылдың басты ерекшелігі Таза Қазақстан мен Заң және тәртіп қағидатына арналған жаңа кезеңнің қосылуы болды. Бұл аталым бойынша қатысушылар театрландырылған қойылым ұсынып, ел мен жерді аялаудың бастауы тазалық пен тәртіптен басталатынын көрсетті. 

ГҮЛЖАН ДҮЙСЕНОВА 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Өнерге халық өте құштар қазір. Біздің көп үйірмелеріміз бар. Олардың барлығы жұмыс істейді. 70 үйірмеміз бар. Ауыл тұрғындары жақсы қатысады. Аға әжелеріміз ансамбльі барлық округтерде бар. 5 ауылдық округте аға әжелеріміздің ансамбльі бар.»

МҰРАЛ ӘКІМ 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ҰМТЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ
«Аулды көрсеткеннен кейін, ауылдың мәдениетін көрсеткеннен кейін тазалығын бірге көрсетсек, тәртібін бірге көрсетсек деген мақсатта жасалған дүние ғой. Бұл жердегі басты мақсат, басты құндылық өз жерімізді, өлкемізді таза ұстау. Жастарға дұрыс тәрбие беру, жастарға дұрыс мағлұмат беру, елімізді ластамай, жерімізді ластамай. Отан бәрімізге ортақ деген мақсат ғой.»

Сондай-ақ оқыңыз: