21 қазан - Дүниежүзілік алма күні!

21 қазан - Дүниежүзілік алма күні! 1990 жылы Англияда басталған мереке қазірге дейін аталып өтеді. Әлемдегі алма әуесқойлары бұл күнді ғаламда өсірілетін 7500-ден астам түрлі алма сорттарына деген сүйіспеншіліктерін білдіруге арнайды! Мерекені бүгін Алматы жұртшылығы да ерекше атап өтті. Алатаудың баурайы алманың тарихи отаны. Мұнда жабайы Сиверс алмасы өседі. Ол —  жер шарына таралған мәдени алма ағаштарының түп атасы. Күздің басты жемісіне арналған мерекеде мегаполис тұрғындарына арналып тәтті тағамдар дайындалды. Бұдан бөлек жаңа піскен жемістің түрлі сорты қойылған көрме ұйымдастырылып, жұрт бір тонна хош иісті алмадан дәм татты. Ал шара көркін отандық эстрада әншілерінің қатысуымен өткен мерекелік концерт қыздыра түсті.

МАРИНА УРАЗАЕВА
ҚАЗАҚ ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕМІС-ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АГРОТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПИТОМНИК ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Дәмдік және органолептикалық қасиеттері бойынша біздің алмаларымыз, әрине, шетелдік сұрыптардан асып түседі. Жоңғар және Іле Алатауының табиғи-климаттық жағдайлары, яғни Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары алма өсіруге өте қолайлы.»

ГҮЛЖАНАТ БҮГІБАЕВА - ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Алма – дәрумендер мен табиғи пайдалы заттарға бай жеміс. Біз ұлтымыздың дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын халық болғанын қалаймыз. Бүгін бізде шамамен 300 демалушы бар. Қаладан тағы 200-ге жуық адам келді. Қонақтарды алмадан дайындалған түрлі тағамдармен қуантып жатырмыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: