Бақбақты ауылында қарбыз еккен бағбан өнім көлемін екі есеге жеткізді
Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жалғасуда. Қарасаз ауылындағы Тұзкөл көлінің жағасында «Сазгерлер саябағы» атты тағылымды кеш өтті. Шара барысында ауданнан шыққан ақын-сазгерлердің шығармалары насихатталып, жаңа әндердің тұсауы кесілді.
Тұзкөлдің көркем жағалауы бұл күні ән мен жырға бөленді. «Сазгерлер саябағы» мәдени шарасына өнерпаздар, ауыл тұрғындары мен демалушылар қатысты. Кеш барысында Райымбек ауданынан шыққан белгілі сазгерлер мен ақындардың шығармалары орындалып, олардың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жеке заттары мен суреттері көпшілік назарына ұсынылды.
МЕДЕТ СЕРІКҰЛЫ
БАҚҚОЖА МҰҚАЙ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
“Қасиетті Хантаудың бауырында есігінен кіргенді төрге сүйреп, бесігінен тұлғалар шығарған ел мекен етеді. Сол елден түлеген даңқты ағаларымызбен апайларымыздың өнерінен үлгі болған әдемі әндер бүгін көпшіліктің назарына ұсынылып, көңілінен шықты деген ойдамыз. Оның үстіне біздің осы ауданның мәдениет саласындағы өнерпаз бауырларымыздың да ән қоржындары тың-тың тамаша бір туындылармен толықты бүгін.”
Өнер кешінде жаңа әндердің тұсауы кесіліп, көрерменге алғаш рет орындалған шығармалар ұсынылды. Әуезді ән мен әсерлі жыр Тұзкөл жағасында тынығып жатқан демалушылардың да көңіл-күйін көтеріп, табиғат аясындағы демалысқа ерекше серпін берді.
КӨШЕРБАЙ ҚАЗЫБАЕВ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
“Әрине бұл саз өнері дегенде бір үлкен керемет компазиторлардың осы аймақтағы солардың әндерін орындаушы, өзіміздің жастар биік белестерден көрсетіп, тағылымы терең, көңілдері жарқын кереметтей әнді орындап, халыққа жеткізіп жатты. Сондықтан мынау, өнерлерің өрге жүзсін, дендерің сау боп, осындай қызметті атқара беріңдер, аман болайық.”
Райымбек ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан мұндай шаралар жыл соңына дейін жалғасады. Ал жыл қорытындысында өткізілген іс-шаралардың нәтижесі сараланып, мәдениет үйлері арасында үздіктер марапатталмақ.