Кеген ауданында жүн өңдеу цехының құрылысы жүріп жатыр
Кеген ауданында жүн өңдеу цехының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорын 2 гектар аумақта орналасады. Жаңа өндіріс орнына кәсіпкерлер 1 млрд. 200 млн. теңге инвестиция құйып, 25 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Өндірістік қуаты жылына 2 мың тонна жүн өңдеу. Кәсіпорын іске қосылғанда өңделген өнімнен ұлттық нақыштағы көрпе, текемет пен түрлі тұрмыстық бұйымдар шығарылады. «Өнімнің басым бөлігі ішкі нарыққа бағытталады» дейді аудандық әкімдік өкілдері.
АЙБЕК ОСПАНОВ
КЕГЕН АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бұл жүнді терең өңдеу қылып шығарады. Жіпке дейін өндіреді. Киіз басады. Қазақтың ұлттық ою-өрнектелген киіз бар соларды басады. Одан бөлек кілем шығарады».