Алматыда Қытаймен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға арналған бизнес форум өтті

Алматыда Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға арналған бизнес форум өтті. Форум аясында импорт және экспорттық тауарлар  көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және басқа да елдердің мемлекеттік органдары, кәсіпкерлер мен кәсіпорын өкілдері қатысты. Жиында өнеркәсіпті дамыту жөнінде келісім шарттар жасалды. Бұл бастамалар сауда инфрақұрылымын жетілдіріп, бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Мамандардың пікірінше, мұндай іс-шаралар өңір кәсіпорындары өнімдерін жаңа нарыққа шығарып, халықаралық байланысты кеңейтеді.

ТОЛҒАНАЙ ӘБІШКАЕВА
КИІМ ДИЗАЙНЕРІ 
«Мұнда өзімнің жеке киім коллекциямды таныстырып жатырмын. Сонымен қатар туыстарым мен таныстарымның арасында Орталық Азия халықтарының өкілдері көп болғандықтан, шығармашылығымда осы елдердің мәдениетін біріктіріп, өзіндік киім үлгілерін жасауға тырысамын. Бұл көрме біз үшін үлкен мүмкіндік болды».

Сондай-ақ оқыңыз: