Қонаев қаласында тәулігіне 150 тоннаға дейін ірімшік өндіретін ірі зауыттың құрылысы жүріп жатыр

Қонаев қаласында тәулігіне 150 тоннаға дейін ірімшік өндіретін заманауи зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 35,3 миллиард теңге. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 40 мың тоннадан астам ірімшік өнімін өндірмек. Нысан іске қосылғанда 450-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда 31 гектар аумақ толық қоршалып, жалпы көлемі 10 мың шаршы метр болатын тоңазытқыш қоймасының іргетасы қаланды.  Нысан  құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталмақ.

ДӘУЛЕТ ӘБДІКӘРІМОВ 
ЖОБА ИНЖЕНЕРІ
«Аяқталуы келесі -2027 жылдың желтоқсан айында. 
«Қазіргі таңда 15 техника, 45-50дей адам жұмыс жасап жатыр. Бұл зауыт болашақта тәулігіне 155 тонна сыр шығарады. Қазіргі таңда суық қоймасы салынып жатыр және монтаж жұмыстары жүріп жатыр. 85-90 пайызға жер жұмыстары мен бетон жұмыстары аяқталды. СКЛ Жалпы зауыттың аумағы 16 гектар жерді алады»

Сондай-ақ оқыңыз: