Инвесторлар құқы қорғалады

Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі мен Алатау қаласын дамытуға жауапты  басқарушы мекеме арасында  өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Alatau City халықаралық және отандық инвесторлар үшін жаңа тартымды орталыққа айналды. Меморандум инвесторларға жұмыс тәртібін нақты түсіндіреді. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ақпарат береді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау және заң аясында қолдау көрсету бағыттары да айқындалады. Бүгінде шахарда жергілікті және халықаралық бастамаларды қоса алғанда, 70 ке жуық жоба бар. Оларға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 6 миллиард доллардан асады. 


ФАРИДА ТӨЛЕУБАЕВА
«ALATAU CITY AUTHORITY»  ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ
“Бүгін қол қойылған меморандум жаңа инвесторларды тарту үшін өте маңызды қадам деп есептейміз. Оның негізгі бағыттарының бірі — инвесторлардың құқықтарын қорғау. Инвесторлар үшін экономикалық тұрғыдан ғана емес, заңнамалық және құқық қорғау саласында да ашық әрі түсінікті ережелер қалыптастыру маңызды”

Сондай-ақ оқыңыз: