Алматы облысының Франциямен арадағы тауар айналымы 58 млн. АҚШ долларына жетті
Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Францияның Алматыдағы Бас консулы Максим Жеренжемен кездесті. Басқосуда сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция тарту, туризм, білім мен мәдениет саласындағы бірлескен жобалар талқыланды. Жыл басынан бері Алматы облысының Франциямен арадағы тауар айналымы 58 млн. АҚШ долларына жетті. Тараптар өңірге француз бизнесін тарту және гуманитарлық байланысты кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді.
МАКСИМ ЖЕРЕНЖЕ
ФРАНЦИЯНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ
«Менің бұл сапардағы негізгі мақсатым – облыс әкімімен кездесіп, өңірдің дамуы жөнінде мәлімет алу. Әсіресе, Алатау қаласын дамыту жобасы білгіміз келеді Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырсақ дейміз»