Алматы облысында құны 1,2 трлн теңгелік инвестициялық жобалар прокурорлық бақылауға алынды

Алматы облысында жалпы құны 1,2 триллион теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жобалар қатаң прокурорлық бақылауға алынды. Қадағалаушы орган өкілдері 28 инвестордың құқын қорғады. Заңсыз белгілеген 6 тексеру мен 3 әкімшілік айыппұлдың күші  жойылды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге 4 жер телімі қайтарылып, электр желілеріне қосылу үшін 2 техникалық шарт алуға көмек көрсетілді. Инвестициялық жобаларға қолдан кедергі жасаған 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, өңірдегі 100-ге жуық инвестор Ұлттық цифрлық платформаға енгізілді.  

БАУЫРЖАН БИМОЛДАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ
«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ол біздің күнделікті жұмыс боп табылады. Осы жұмыс аясында қандай да бір бұзушылық, кәсіпкердің құқығы бұзылған жағдайда біз оны зерттеп, тексеріп, бұзушылықтарды жоюға тырысамыз. Әр кәсіпкердің түскен өтініші бізбен мұқият тексеріліп, заңбұзушылық анықталған жағдайда сол кәсіпкердің құқығын қорғап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту -міндетіміз».

Сондай-ақ оқыңыз: