Ұйғыр ауданында жүгері өндірісін ұлғайтуды көздеген ірі инвестициялық жоба іске асып келеді

Ұйғыр ауданы – жүгері өндірісі жақсы дамыған өңір. Биыл жалпы егіс алқабы 27,4 мың гектарға жетті. Қазір өңірде жүгері өндірісін ұлғайтуды көздеген  ірі инвестициялық жоба іске асып келеді. «Әсем Қалжат» серіктестігі  салаға заманауи технологияларды енгізді. Басты мақсат – суды тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттыру.

Серіктестік 2 487 гектар жайылымдық жерді  егістікке ауыстырып, алқапты игеруге кірісті. Бүгінде мұнда 2 500 гектарға жуық жерге су үнемдеу технологиялары енгізіліп, 50 суару ұңғымасы бұрғыланған. Сонымен қатар 303 шақырым магистральдық су құбыры тартылды.Жобаның жүзеге асуы Қарадала өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік беріп отыр.

САМАТ ЖҮМӘДІЛ
ҰЙҒЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Жалпы ауданымыз ауылшаруашылығына тартымды өңір, соңғы 2 жылда облыс әкімінің, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологиясын кеңінен пайдалану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде соңғы 2 жылда 4 800 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізіліп бүгінгі таңда 5 250 гектарға су үнемдеу технологиясы қолданылып отыр.

Кәсіпорынның жұмысы тек егіс көлемін арттырумен шектелмейді. Алдағы уаықтта  100 мың тонналық астық сақтау және суару жүйелерін шығаратын зауыт салынбақ. Жобаның тәжірибесін аудан шаруаларына таныстыру мақсатында Дала күні ұйымдастырылды. Іс-шарада жерді тиімді игеру тәсілдері айтылды.

НОҒАЙБЕК ДӘУРЕНБЕКОВ 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«Бүгінгі күні міне ауданымыздың жатқан Қарадала жайылымы еді, соған мінекей 2000 гектардан артық жерге жүгері егіліп, жерасты суының нәтижесінде үлкен бір шаруа бастама болғанына күә болдық. Тек қана Қалжат пен Үлкен Диқан округінің жерінде биылғы жылы іске асты. Келешекте енді осы аудандағы барлвқ округтерде осындай жақсы істерді бастама алуға атсалысуды ел, жұрт бәріміз қолдап отырмыз»

Бүгінде жоба аясында 1,3 миллиард теңге инвестиция игерілді. Алдағы кезеңде өндірістік қуатты арттыру көзделген. Бұл бастамалар арқылы ауданның егістік алқабы кеңейіп, салаға жаңа технологиялар енгізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз: