Ұйғыр ауданының ҚХР-мен шектесуі жүк тасымалына мүмкіндік береді

Ұйғыр ауданының Қытай Халық Республикасымен шектесуі тұрғындардың  жүк тасымалдау саласында еңбек етуіне мүмкіндік беріп отыр. Тәулігіне шекара арқылы шамамен 600 жүк көлігі қатынайды. Жүк тасымалдаушылар үшін жолдағы әр минуттың маңызы зор. Соған қарамастан, бүгін жүргізушілер жұмыс кестесін кейінге ысырып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу үшін дауыс беру учаскесіне арнайы келді. Жүргізушілер ұжым болып өз азаматтық таңдауын жасады. Олардың сөзінше, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерден тыс қалмай, өз ұстанымын білдіру – әр азаматтың жауапкершілігі.

ДАМИР АБДУЛЛАЕВ
ЖҮРГІЗУШІ 
«Бізге кеден жақын болғандықтан, негізгі қызметіміз – бір мемлекеттен екінші мемлекетке жүк тасымалдау. Үнемі жол үстінде жүрсек те, бүгін еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасауға арнайы келдік. Осыған орай ұжым болып бірігіп, азаматтық позициямызды білдіріп, өз таңдауымызды жасадық»

Сондай-ақ оқыңыз: