Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ұйғыр ауданында көктемгі ветеринариялық-профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Биыл аудан аумағында жануарлар мен құстардың аса қауіпті 12 түрлі ауруына қарсы екпе егу және диагностикалық зерттеулер жүргізілуде. Жалпы жұмыстың 90 пайыздан астамы орындалған.

Аудан бойынша аусыл, сібір жарасы, қарасан, түйінді дерматит секілді жұқпалы ауруларға қарсы вакцина салынуда. Қазіргі таңда ірі қара мен ұсақ малды егу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Сонымен қатар бруцеллезге қарсы тексерулер де жалғасуда. Зерттеу барысында 7 бас ірі қарадан ауру анықталып,  талапқа сай залалсыздандырылған.

МАХМУТЖАН ИСМАИЛОВ 
ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ 
"Міне, бүгін орта жайлауда малдарды жинап отырмыз. Жыл басынан бері дәрігер мамандар вакцинация жұмыстарын уақытында жүргізді. Қазір малдың жағдайы жақсы"

Шекара маңындағы жайылымдарға шығатын малға қосымша бақылау күшейтілген. Қалжат, Үлкен Диқан, Үлкен Ақсу және Шонжы ауылдық округтеріндегі малға арнайы көп компонентті вакцина егілген. Мамандар ауданда эпизоотиялық ахуал тұрақты дейді.

ЕЛНҰР ДОСЫМБЕКОВ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 
"2026 жылы аудан көлемінде жануарлар мен құстардың 12 түрі жұқпалы ауруына қарсы егу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күні жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Жалпы аудан көлемінде 14 ауылдық округтен 103 ветмаман жұмылдырылған. Жайлауға көшу жұмыстары 15 маусымға...

Биыл бірнеше ауылдық округте жаңа ветеринариялық пункт салу жоспарланған. Сондай-ақ қаңғыбас жануарларды аулау, мал сою орындарының жұмысын бақылау бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: