Жастар пікірі

Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан – таза қаржы, таза сана» тақырыбында пікірталас сайысы өтті. Алматы облысының әр ауданынан келген 14 команда экология, қаржы, жасанды интеллект мәселелері төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды. Пікірталас алаңында ойы ұшқыр оқушылар қоғамда орын алып жатқан ең маңызды мәселелердің пайдасы мен зиянын талқылап ғана қоймай, дәлелді жауап беру шеберлігімен көпті таңғалдырды. «Бұл байқау жастардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған»,- дейді жауаптылар. 

ШЫҢҒАР ҚЫЗЫРХАН 
«ЖАЙСАН ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КММ ДИРЕКТОРЫ
«Пікірсайыс технологиясы білім берудегі аса маңызды әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығымен бірге, критикалық ойлау, сыни тұрғысынан қарау қабілетін жақсартатындығы даусыз. Жалпы өздеріңіз білетіндей мектептерде түрлі халықаралық бағдарламалар бар. Сырттай бағалауда еліміздің жоғары рейтинг көрсетуі оқушылардың алған білімдерін шынайы өмірде пайдалана алуымен өлшенеді.»


НҰРТАЛАП ҚЫПШАҚОВ
Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ
«Турнирде берілген тақырыптар менің экономикаға деген, қоғамға деген көзқарасымды қалыптастыра білді. Экономиканы терең зерттеуге, сөз бостандығын терең зерттеуге, қазақ қоғамында болып жатқан проблематикаларды түсініп, білуге мүмкіндік берді.»

Сондай-ақ оқыңыз: