Кеген – Нарынқол жолы ашылды

Көктемде су шайып кеткен «Кеген – Нарынқол» тасжолында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Оқиға болған сәттен бастап жедел қалпына келтіру жұмысы қолға алынып, сол кезде 20-шы шақырымдағы су өткізгіш құбыр толық жөнделген.  74 шақырымға дейінгі  учаскеде де қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Мердігер ұйым тарапынан гидрооқшаулау және топырақты нығыздау жұмысы сапалы орындалған. Қазір жолдағы қозғалыс қалыпқа түскен, 15 маусымда толықтай аяқталады  дейді мамандар. 

ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ 
«КАЗАВТОЖОЛ» ҰК АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ  
«Құрылыс жұмыстарымен қатар жобалау жұмысы қатары жүргізілді. Жұмыс барысында бұрынғы диаметрі 1,5 метрлік су өткізгіш құбырдың су өткізу қабілеті жоғары биіктігі мен ені екі метрді құрайтын, құбыры орнатылды. Сондай ақ жер төсемі қалпына келтірілді.»

Сондай-ақ оқыңыз: