Егін басындағы егелі әңгіме
Райымбек ауданының 90 жылдығына орай Сарыбастау ауылында «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өзегі» атты ауқымды форум өтті. Іс-шара аясында алқап басында ғалымдар кеңесі өтіп, ауыл шаруашылығында қолданылып жүрген заманауи техникалар аудан шаруаларына көрсетілді. Толығырақ келесі сюжетте.
Қазір ауданда 68 мың бас ірі-қара, 50 мың жылқы және 268 мыңға жуық қой бар. Биыл малды асылдандыру жұмысы басты жоспарда. Басқосуға ауыл шаруашылығы саласы мамандарының бәрі дерлік қатысты. Осыған орай ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату мәселесі де қаралды.
ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Енді қой малының ішінде бізде арқар меринос, одан бөлек ильдефранс тұқымы өсіріледі және еделбай тұқыы өсіріледі. Ал енді ірі қара бойынша бізде ангус малы бар, қалмақтұқыдас малдарымыз бар және гейфрот тұқымдас алдарымызды қазір өсіріп жатырмыз. Бірақ енді қандай жағдайдада асыл тұқымды малдың сапасын көтермей мына еттің өнімі, мал шаруашылығынан алынатын өнімнің сапасы, көлемі артпайды. Сондықтан осы асылдандыру жұмыстарын қолға алып жатырмыз.»
Ауданда жайылымды жер көлемі - 445 мың гектар. Оның 40 мың гектары егістік, жеті мың гектары шабындық. Қазір су үнемдеу технологиясы екі жарым мың гектар алқапта қолданылып отыр. Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасымен ондаған шаруашылық субсидия алған. Бұл бағытта биыл шаруаларға 1,2 миллиард теңге бөлінді.
ӘЛІБЕК СУХАЕВ
«ТОМИРИС» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ
«Біздің бордақылау алаңын сапалы жемшөппен қамтамасыз ету үшін шөп, пішендеме және сүрлем дайындаймыз. Қазір суару арық жүйесімен жүреді. Алайда жаңа технология енгізу қажет. Сол үшін тамшылатып суару жүйесін қолдануды жоспарлап отырмыз.»
Жаңа технологияны енгізу су шығынын жеңілдетіп, диқандар кірісін еселеуге септеседі.