Ішімдіктен бас тартқан ауылдар
Ұйғыр ауданында Шошанай, Сұңқар, Кепебұлақ және Рахат ауылдары алкогольдік ішімдіктерден бас тартты.
Өңірде қоғамдық тәртіпті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Кезекті профилактикалық іс-шара Рахат ауылында ұйымдастырылды. Тақырыпты кеңрек тілші таратсын.
Рахат ауылындағы басқосуға полиция қызметкерлері, ауыл ақсақалдары, және жастар қатысты. Белсенділер көтерген бұл игі бастама ауылдағы ауызбіршілік пен өзара жауапкершілікті одан әрі нығайтуға үлкен септігін тигізеді дейді тұрғындар.
ЖҰМАББЕК БАУБЕКҰЛЫ РАХАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ауылымызда арақ сатылмайды, жастар көбінесе мынау имандылық жолдарды мешітімізде, өзімізде мынау жақыннан бері қатымханамыз басталды. Алты жасар баладан алпыс жастағы адамға дейін бірлесіп осы жастарымыз бар, негізі осы біздің жастарымыздың арқасығой осы көп игі істер жасап жатыр. Бұдан былайда өстіп ауылымызда жақсы деген ат жақсығой сол жақсы деген атпен жүреберейік.
Кездесу барысында тұрғындарға алкогольді ішімдіктердің адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамдық қауіпсіздікке тигізетін зияны түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және ауызбірлікті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Ауыл тұрғындары бұл бастаманың ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне оң әсер ететінін айтып отыр.
СЫРЫМ СЕРІКБОЛҰЛЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Рахат ауылындағы өтіп жатқан ішімдіксіз ауыл жедел профилактикалық іс шарасы бұл қоғам тыныштығына керек әзіргі таңда. Ішімдіксіз ауыл үйдегі тыныштықты, көшедегі қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында, жол қауіпсіздігінің алдын алу, болдырмау мақсатында қойылып жатыр. Бұл дегеніміз Ұйғыр ауданының басқа ауылдарына да осындай үлгі ретінде көрсетіліп отыр міне.
Бүгінде тұрғындар салауатты өмір салтын насихаттауды ортақ құндылыққа айналдырып, жас ұрпаққа өнегелі орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.