Мем-қызметшілердің құқығы қорғалды
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау бағытындағы бақылау күшейтілді.
Жауапты департамент өкілдері өздеріне түскен шағым негізінде Қарасай ауданы әкімі аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Жұмыс нәтижесінде бірнеше өрескел заң бұзушылық анықталыпты. Атап айтқанда, уәкілетті тұлғалар мемлекеттік қызметкерге тергеу басталғаны туралы уақытылы хабарлама бермеген. Әрі іс материалдарымен танысу талаптарын сақтамаған. Бұдан бөлек, арнайы өкімде аты-жөні мүлдем көрсетілмеген мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолдану шарасы қарастырылған. Жауапты департамент өкілдері енді мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесіп, тиісті шаралар қабылдаймыз деп отыр.
ЕРНАТ НҰРЛЫБАЙ
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Аталған фактілер мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген. Осыған байланысты Департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданып, мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.Жалпы, мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтау, тәртіптік рәсімдердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау -Агенттіктің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.