Ауқымды қаржы жымқырған кімдер?...

Агроөнеркәсіптік кешнді қолдау бағдарламасынан 667 млн теңге ұрланды.

Алматы облысында заңсыз субсидия жымқырғандарға үкім шықты.
Тергеу ақпаратына сәйкес, «БАҒДАУЛЕТ» және «АМАНТАУ-2023» агроөнеркәсіптік кешендері басшылары екі жыл бойы саланы қолдауға арналған субсидияларды заңсыз алып отырған. Сүт пен ірімшік өндірісін өркендетеміз деген кешен жауаптылары қомақты қаржыны жымқыру үшін жалған шот-фактуралар қолданыпты. Қаржылық мониторинг агенттігі анықтағандай жалпы ұрланған қаржы көлемі 667 млн теңге. Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі тұлғаны 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.


ЕРНАР ТАЙЖАН              ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ 
Жалған құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген. Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған «ComputerService» ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы анықталған. Нәтижесінде бюджетке төленбеген салық сомасы 416 млн теңгеден асты.  Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі адамды 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған «BMW» автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыз: