Медицина мамандарына құрмет
Кеген ауданында медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Сала мамандарының еңбегі жоғары бағаланып, түрлі марапат табысталды. Халық ақ халатты абзал жандарға алғыс айтты. Өңірдің медицина саласында оң өзгеріс бар. Аудандық аурухана жаңа медициналық құралдармен жабдықталды. Ал дәрігерлер күрделі ота жасай бастады. Елді-мекендерде жаңа амбулаториялар бой көтеріп келеді. Мысалы, өткен жылы үш ауылда медициналық нысандар ашылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандар шалғай ауылдарға жұмысқа тұрып, халық денсаулығын жақсартуға үлес қосып жүр.Биыл да біртқатар ауылда емдеу мекемелері салынады.
КЕҢЕС ҚАБЫЛБЕКОВ
КЕГЕН АУДАНЫ ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бүгінде ауылдық елді мекендерде медициналық жаңғырту бағдарламасы аясында 6 елді мекенде медицина нысандар салынып оның 4 еуі бүгінде пайдалануға берілді. Оның 2 еуін облыс әкімі Марат Елеусін өзі іле тасып қиып халыққа үлкен қуаныш сыйлап отыр. Осы жақын күндердің ішінде енді қазір Талды және Жайдақбұлақ ауылдық елді мекендерінде осы медициналық нысандарды пайдалануға беріп халықтың қуанышына ортақтасамыз деп ойлаймыз»