Өрт сөндіру бөлімі ашылды

Талғар ауданында заманауи үлгідегі жаңа өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген бұл нысан бұдан былай маңайдағы 10 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін күзетеді. Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев  қатысты.


Бюджет есебінен  салынған өрт сөндіру бекеті  заманауи технологиялармен  жабдықталған. Мұнда диспетчерлік пункт, оқу сыныптары, спорт аймағы және құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілік етуіне арналған демалыс бөлмелері бар. Салтанатты шарада өңірдің азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан бірқатар қызметкерлер мен белсенді тұрғындар марапатталды. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Соңғы жылдары жақсы өзгерістер болып келе жатыр. Кеше анау үлкен көпірді қолданысқа берілді, бүгін мына нысан ашылып жатыр. Оның алдында медициналық нысан болды, енді осы кезге дейін толық мектептің жөндеу жұмыстары аяқталады деп отырмыз, соны жоспарлап отырмыз. Тек қана газ мәселесі қалды дейді, оны да жақын арада шешеміз»

Жиын аясында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа бөлімге су жаңа өрт сөндіру-құтқару техникаларының кілттерін табыстады. Енді жеке құрамның иелігінде заманауи автоцистерна, автосаты және жедел-құтқару автокөлігі бар. Бұл  кез келген апатты жедел ауыздықтауға мүмкіндік бермек. 

ЖАНАР ИМАНҚҰЛОВА 

НҰРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Сағаттап күтетінбіз Грэстан, Талғардан келетін. Енді мне құдайға шүкір, ауылымыздың ішінде өте қуаныштымыз 112 нің ашылып жатқанына. Талаптарыңыз таудай болсын.

Жаңа нысан құтқарушылардың діттеген жерге уақыт жоғалтпай, санаулы минуттарда жетуіне септігін тигізеді. Бұл Төтеншеліктердің  ауылдық аймақтарды дамыту және облыс қауіпсіздік жүйесін нығайту бағытындағы жүйелі қадамы.

Сондай-ақ оқыңыз: