Тағылымды кездесу

Алматыдағы Заманауи өнер мұражайында ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтті. Зиялы қауым Сүлейменовтің  мәдениет пен қоғамдық өмірге қосқан сүбелі үлесі туралы ой бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрмені тамашалап, мұрағаттағы құнды құжаттармен танысты. Архив қорында Олжас Омарұлына қатысты 25 бейнеқұжат, 95 фотосурет және 45 дыбыс жазбасы сақталған. Мақсатымыз -   жас ұрпаққа ақын мұрасын кеңінен насихаттау дейді ұйымдастырушылар. 


ШЫНАР САРЫБАЕВА 

ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КИНО-ФОТОҚҰЖАТТАР МЕН ДЫБЫС ЖАЗБАЛАРЫ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Ол кісінің өміріне байланысты құжаттар көп. Осы жерде 25 фото құжат, және екі бейне филім мен тағы іште кино құжат көрсетіледі. Енді Олжас Омарұлының өмірі мен шығармашылығы туралы және әр кезең сәті туралы осында көрсетіледі»


САҒЫМБАЙ ҚОЗЫБАЕВ

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 

«Олжас Омарұлы ғасырда бір туатын тұлға. Олжекеңнің ең үлкен еңбегі полигонды жаптырғаны деп ойлаймын. Сол кезде ана сырттан шетелден келгендердің бәрі айтты. Ол жалғыз қазақтың Олжасы емес. Бүкіл адамзаттың олжасы дегендей...»

Сондай-ақ оқыңыз: