Егінжай күні
Қарасай ауданында «Егінжай күні» дәстүрлі ауқымды аграрлық іс-шара ұйымдастырылды. Сала мамандары бас қосқан жиында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Семинарда су үнемдеу технологияларының маңызы айтылып, агросаладағы серпінді жобаларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Іс-шарада Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетістіктері таныстырылды. Қатысушыларға ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандары, сондай-ақ суару мен тыңайтқыш енгізудің заманауи әдіс-тәсілдері көрсетілді. Мамандардың айтуынша, агроөнеркәсіп кешенінің болашағы жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану және инновациялық технологияларды кеңінен енгізумен тығыз байланысты.
БАҚЫТНҰР БАҚЫТҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
“Бүгінгі таңда Алматы облысында қолайлы қаражат жұмсауға, қолайлы өнім алуға”
Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында көш бастап тұрған өңірлердің бірі. Бүгінде мұнда жүгері, соя және өзге де дәнді дақылдарды өңдеу бойынша бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жуырда ғана Еңбекшіқазақ ауданында жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды. Ал «Дала күні» көрмесінде ұсынылған цифрлық шешімдер өңір шаруашылықтарына кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.
БАУЫРЖАН АСАНОВ
ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
“Қазіргі таңда цифрлыфқ технологияларды енгізіп жатқан шаруа қожалықтар да бар әуелі өзіміздің мекемелерді соны енгізіп, ары қарай елемізге тарқатып жібереміз”
Шаруаларды алаңдатқан өзекті мәселенің бірі – су тапшылығы. Семинарда суды үнемдеп, егін өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңбырлатып суару жүйесінің озық үлгілері айтылды.
УӘЛИХАН САЙЛАУОВ
КӘСІПКЕР
“Бұның шаруа қожалықтарына берер пайдасы бір 50 гектар жердің өзін 12 сағатта суғаруға мүмкіндігі бар”
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ғылым, бизнес және шаруалар арасындағы өзара тығыз ынтымақтастықты талап етеді. Саланы цифрландырып инновациялық технологияларды енгізу ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жол ашады.