Қанды қылмыс

Алматы облысының Кеген ауданында полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні «Кеген–Көктал–Көкпек» тас жолы маңынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның полиция қызметкері екені анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жұбайы мен ұлы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына  қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыз: