Онлайн сауда

Әлеуметтік желіден тауар сатып алғанда абай болыңыз! Ғаламтордағы   парақшаның атауы мен телефон нөмірі сатушының жеке басын айғақтамайды. Сондықтан Алматы облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сатушымен арадағы хаттарды, тауардың сипаттамасын, төлем мен реквизиттерді сақтап жүруге кеңес береді.Өңірде интернет-саудадан зардап шеккендер көбейген. Былтыр  мекемеге 1300-ге жуық шағым түссе, биыл бұл көрсеткіш 3300-ге жетті. Мамандар мұны тұтынушылардың құқықтық сауаттылығының артуымен түсіндіреді. Егер сатушы міндетін орындамаса, алдымен оған сотқа дейінгі ресми шағым жолдау керек. Кәсіпкер оған 10 күн ішінде жауап беруге міндетті. Ал алаяқтық белгілері байқалса, бірден полицияға хабарласқан жөн.


ЕРМЕК ӘБЕКЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Егер құқығыңыз бұзылып, ақшасын төлеген тауарды ала алмасаңыз немесе оны қайтара алмай жатсаңыз, ең алдымен сатушыға сотқа дейінгі ресми шағым жолдауыңыз керек. Бұл - заңда көрсетілген талап. Сондай-ақ, сатушы фискалды чек бермей, жеке тұлға немесе бизнеске берілетін сәйкестендіру нөмірлерін жасырса. Ақшаны басқа біреудің картасына аударуды сұраса әрі тауардың құжаттарын көрсеткісі келмесе - ол затты мүлде алмаған абзал»

Сондай-ақ оқыңыз: