Жас ұстаздар семинары

Қонаев қаласында жас педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өті. Оған еліміздің әр өңірінен математика, физика және информатика пәндерінің 100-ге жуық жас маманы қатысты. Мақсат – жас ұстаздардың әдістемелік әлеуетін арттырып, оқушыларды пәндік олимпиадаларға сапалы дайындаудың тиімді жолдарын үйрету. Қатысушылар олимпиадалық есептерді шешу тәсілдерін талқылап, күрделі тапсырмаларды орындаудың түрлі стратегияларын меңгерді. Жиынға қазақ ғылымының қара нары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Мұхтарбай Өтелбаевтың арнайы қатысуы да шараның маңызын арттыра түсті.


ҚИЛЫМБЕК ҚАПАТҰЛЫ
МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
«Қазына жер астында емес, жер үстінде балалардың басында дейді. Бұл ұстанымда біздің қазіргі ең үлкен қазынамызды жинайтын осы жастар. Біз өзіміздің осы кезге дейін үйренген азғантай болса да білімімізді жастармен бөлісіп, іс-тәжірибемізбен өзіміздің іс-тәжірибемізді бөлісуге келдік. Сондықтан да біз жастарға аз да болса да білім беріп, келешек ұрпақтарымыз үшін үлес қосқанымызға қуаныштымыз»

Сондай-ақ оқыңыз: