Балалар қуанышы
Еңбекшіқазақ ауданында демеушілердің қолдауымен 85 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды. Игі шараны аудандық білім бөлімі ұйымдастырды. Биыл ауданда 56 мыңға жуық бала мектепке барады. Ал «Мектепке жол» акциясы аясында 13 мыңға жуық оқушыға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған. Мақсат – көпбалалы және мұқтаж отбасыларды қолдап, балалардың оқуға алаңсыз дайындалуына жағдай жасау. Мұндай бастамалар жастарға қуаныш сыйлап, білім алуға деген ынтасын арттыратыны анық.
ЗАРИНА БӨЛЕКБАЕВА
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
«Бүгінгі күнде жалпы білім беру қорынан қаражат бөлініп, аудан мектептерінің 7118 оқушысына мектеп формасын алуға қаражат бөлінді.қалған 5000 нан астам балаға демеушілер тарапынан қолдау көрсетілуде. Бүгінде 85 мемкептің 85 оқушысына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында мерекелік шара ұйымдастырылып, демеушілер тараптан сыйлықтар таратылды»