«Aport Mall West»: автокөлік иесі анықталды
«Aport mall West» сауда кешенінде ұйымдастырылған ұтыс ойыны нәтижесінде автокөлік иесі анықталды. Бұдан бөлек ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар таратылды. Ұтыс ойыны нағыз мерекеге айналып, жарқын концертке ұласты.
Науқан оныншы наурызда басталды. Ойын шарты бойынша, қатысушылар он мың теңгеден астам қаржыға сауда жасап, түбіртекті ұтыс билетіне айырбастау қажет. Aport mall қонақтары бірнеше ай бойы бақ сынады. Басты жүлде Kia Soluto автокөлігін Қарасай ауданының тұрғыны Бақыт Түлегенова ұтып алды.
БАҚЫТ ТҮЛЕГЕНОВА
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бұл науқанға қатысып жатқанымды ұмытып кетіппін. Ұлым біз ұтамыз деп қайталай берді. Бүгін де ойламаған жерден келіп қалдық. Өте қуаныштымын. Үлкен рахмет. Осындай ұтыс ойындары көп бола берсін.»
«Aport mall» Орталық Азиядағы ең ірі сауда және ойын-сауық кешені. Ыңғайлы сауда үшін мұнда жүзден астам халықаралық және жаһандық бренд түрі ұсынылған.
АЛЕКСАНДР КИМ
APORT MALL САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ
«Ұтыс ойыны алты айға созылып, екі сауда орталығында Aport Mall West және Aport Mall East-те қатар өтіп жатыр. Екі автокөлік бір уақытта ойнатылды. Жалпы, «Aport Mall» осы уақытқа дейін сегіз пәтердің ұтысын өткізген жалғыз сауда орталығы. Сондай-ақ, басқа бағалы сыйлықтардың да ұтысы ұйымдастырылып тұрады.»
Мұнымен тосынсый толастамайды. Алда сауда орталығының мерейтойы келе жатыр. Осыған орай жүз бағалы сыйлық ойнатылады.