Ортақ қауіпсіздік бағдары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Мемлекет басшысы қазіргі күрделі геосаяси жағдайда ұйымның маңызы артып отырғанын атап өтті. 

Негізгі мақсаты – қауіпсіздік пен өзара сенімді нығайтып, ортақ дамуға жағдай жасау. Президент терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыс және киберқауіптерге қарсы бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ ұйымға мүше  елдердің өзара тауар айналымы бір триллион долларға жуықтағанын атап өтіп, сауда-инвестициялық байланысты одан әрі кеңейтуді ұсынды. Қазақстан индустриялық консорциумдар құруды, трансшекаралық сауда аймақтарын дамытуды және Шанхай ынтымақтастық ұйымы Даму банкін құру бастамасын қолдайды. Тоқаев аталған қаржы институтының штаб-пәтерін Қазақстанда орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ұйым аясында жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз: