Білім әлеміне сапар

Білім күні Алматыда 31 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Ал білім сапасымен дараланған №15 гимназия мектебі биыл 300 баланы бірінші сыныпқа қабылдады. Ұл-қыздарын ұстаз тәрбиесіне тапсырған ата-аналар қуанышты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға тегін оқу құралдары табысталды. 


Оқушыларды асыға күткен гимназия мектебінде бүгін – нағыз мереке. Әсіресе алты жасар бүлдіршіндер үшін бұл мәңгі естен кетпес ерекше сәт. Олар алғашқы ұстазымен танысты. Енді шәкірттерді білім биігіне жетелейтін ақ жол басталды. Салтанатты жиында жаңа оқу жылындағы оқу үдерісіне енгізілген өзгерістер айтылды. Мектеп басшылығы сапалы біліммен қатар, әр оқушының қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі деді. Ал балалар болса, алғашқы қоңырауға деген дайындығын көрсетті.

Әліппені алғаш қолына алған бүлдіршін – Сәбира Алмасқызы. Ол 1 қыркүйекті асыға күтті.. Өйткені екі әпкесі де осы мектепте білім алады. Енді Сәбира да олардың ізін жалғап, білім әлеміне алғашқы қадамын жасады. Жас ұстаз - Назира Ержанқызы шәкірт тәрбиелеу ісінде тәжірибе жинақтап, білім мен тәрбиені ұштастырып жүрген мұғалім. Ал Сәбира болса, апасының арқасында сабаққа тыңғылықты дайындалып келді. 

СӘБИРА САДУАҚАС
ОҚУШЫ
«Менің апам мұғалім. Апам есептерді жазуды үйретті. Төртбұрыштарды жазуды үйретті.  «Сабақты жақсы оқимын» 

ЗОЯ ҚОЙШЫБАЕВА
№15 ГИМНАЗИЯ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Оқушылардың потенциалы жоғары келіп жатқан. Себебі біз кеше сабақ басталар алдында «Балақайлар» мектебі болған. Сол балақайлар мектебінде балалардың деңгейін көрдік. Өте жоғары. Енді гимназиямыздың деңгейін ,жетістіктерін жоғыралатады деген үміттеміз»  

Жалпы, қала мектептері жаңа оқу жылына жоғары дайындықпен кірісті. Соның бірі – Әуезов ауданындағы №141 орта мектеп. Биыл білім ұясының бірінші сыныбына 200 оқушы қабылданды. Мұнда оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға да ерекше мән берілген. 

ҒАЗИЗА ЖҰМАШЕВА
№141 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Бала тәрбиесі ол енді ең бірінші орында тұрған мәселе. Биылғы оқыу жылымызда біз «Экологиялық тәрбиені қостық. Яғни, балаға міндетті түрде адамшершілік, патриоттық тәрбие береміз ғой. Сонымен қатар балаларға жас кезінен экологиялық тәрбиені қолға алудамыз»  

Мектепте шығармашылық пен техникалық қабілетті шыңдайтын түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Балалар өнер үйреніп, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сондай-ақ оқыңыз: