Құқықтық қолдау
Райымбек ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Жиында жастар арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау, ата-ана бақылауын күшейту және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Жыл басынан бері прокуратураның араласуымен ауданда 137 баланың құқығы қорғалған. Кездесу практикалық тренинг форматында өтіп, жаңа оқу жылында қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажеттігі ескертілді.
ЕРЛАН ҚАСЫМБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
“Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтарының бұзылу фактілерін уақтылы анықтауға ерекше назар аударылды.“