Жылу жүйесі

Қонаевтағы жылу желісі жаңартылып жатыр. Жоба аясында Қонаев, Сейфуллин және Абай көшелеріндегі құбырлар ауыстырылады. Құбырлардың 80 пайызы тозды. Құрылыс жұмысы екі негізгі учаскеде жүргізілуде. Біріншісі – қазандықтан Абай көшесіне дейінгі 2 шақырымға жуық магистраль. Екіншісі Сейфуллин мен Қонаев көшесі аралығындағы 500 метрлік құбыр төселеді.Қазіргі кезде қала бойынша ыстық су уақытша өшірілген. Желіні жаңарту жұмысын қазан айына дейін аяқтау жоспарланған. Сол кезде ыстық су қайта беріледі» дейді жауаптылар 


ЕРЖАН ШОҚАН 
 «ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ»  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ
«Қонаев қаласында 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде бізде екі ұлттық жоба қарастырылған. Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайды. Екі жобада бізде мердігер жұмыс істеп жатыр. Жұмысын 53%-ға аяқтады. Жылыту маусымына дайын басталатын уақытта бітіреді деп көздеп отырмыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: