Жол сапасы
Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмысы жүріп жатыр. Жол қызметінің техникалық паркі кеңейіп, жаңа техника шығарылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облыстық филиалының мәліметінше, жол қауіпсіздігі мен тазалық жұмыстарына 366 қызметкер мен 181 арнайы техника жұмылдырылған. Биыл автопарк шаңсорғыш және шөп шапқыш машиналармен толықты. Жолдағы қауіпсіздікке ерекше мән беріледі. Адамдар жиі жүретін жерлерде жол таңбалары өзгертіліп, өткелдер қайта боялады.