Жас дәрігерлер жұмысқа орналасады

Алматы облысында медицина кадрларының тапшылығы біртіндеп шешіліп келеді. Бүгін Қонаев қалалық ауруханасында резидентураны аяқтаған 70-тен астам жас дәрігермен  арнайы кездесу өтіп, жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Өңірде наркология, психиатрия, инфекциялық аурулар мен гинекология мамандарына сұраныс жоғары. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде  он жыл бойы үздіксіз білім алған  Жансая Бодаубекова - биылғы резидентура түлегі. Жас дәрігер  енді еңбек жолын Іле аудандық ауруханасында акушер-гинеколог ретінде бастауға бел байлап отыр. Студент кезден-ақ медицинаның күрделі әрі жауапты саласына жүрегі бұрған ол ана мен бала саулығын сақтауды басты мақсаты санайды


ЖАНСАЯ БОДАУБЕКОВА
РЕЗИДЕНТУРА ТҮЛЕГІ
«Жалпы, бұл акушерлік-гинекологияны мен таңдаған себебім - әйел денсаулығы қашанда өте қызық болды мен үшін. Бұл жерде және де барлық диагностикада, хирургияда барлығы араласқан міндетті түрде. Сол себептен де жалпы енді еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын. Алдағы таңда жалпы халықтың денсаулығына өз үлесімді қосамын деген үміттемін»

Биыл  оқуын сәтті аяқтаған 71 резидент оқуын сәтті аяқтады облыстағы  кадр тапшылығы бар аудандардағы емдеу мекемелеріне барып, қызметке кіріседі.Ал жергілікті билік  жас дәрігерлерді баспанамен және ауқымды қаржылай көтермеақымен қамтамасыз етеді. 

ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Алматы облысына келген дәрігерлерге және осы өзінің шарты болады, шарты бойынша жұмыс бастап кеткен аудандарға келген қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне 8,5 млн-ға дейін көтерме біріншіден ақша беріледі. Қосымша аудан әкімдері өздері қызметтік бабынан тұрғын үй береді және жер мәселесінде соған қолдау көрсетеді. Және әрі қарай өзінің төлемақысын, айлық және қосымша айлық ақшаларын жұмыс талабына сай істеп, сапасымен алып отырады қосымша ақшасын»

Салдағы кадр мәселесін түбегейлі шешу үшін жүйелі жұмыс атқарылады. Биыл жергілікті бюджет есебінен резидентураға қосымша 40 білім беру гранты бөлінді. 

Сондай-ақ оқыңыз: