Туризм орталығы

Қонаевта жазғы шомылу маусымы рекордтық көрсеткішпен қорытындыланды. Жаз бойы Қапшағай су қоймасының жағалауына 2 миллионға жуық демалушы келген. Бұл қажетті инфрақұрылымды жақсартуда атқарылған жұмыстың нәтижесі. Оған қоса, биыл  халықаралық деңгейдегі ауқымды фестивальдер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қаладағы туризмнің дамуын Дастан Маратұлы баяндайды. 


Биыл Қонаев жағажайлары айтарлықтай өзгерген. Демалыс орындарына су мен кәріз жүйелері тартылып, электр желілері жаңарды. Келушілер үшін 50-ден астам бизнес орны, спорт алаңдары мен жаңа санитарлық тораптар іске қосылды. Сондай-ақ, «Аспан фест» концерті  , «Оушенмен» халықаралық жүзу жарысы және дрифт-шоу сияқты ірі іс-шаралар қалаға мыңдаған туристі тартқан.

МЕЙІРЖАН ЖАНСЕРІК
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Туристер саны артуы ол жылдан-жылға бұл көрсеткіш бізде өсіп жатыр. Әлгі айтып өткендей, осы жылы рекордтық көрсеткіш 2 миллион. Ол, ең біріншіден, Қонаев қаласындағы инфрақұрылым мен жағажайларды жаңарту жұмыстары, абаттандыру жұмыстары туристерді қабылдауға толық дайын екенінің бірден-бір көрсеткіші болады. Келесі жылға бізде ең басты нақты жоспарлардың бірі ол халықаралық Формула-1 жарысын өткізу жоспарлануда, солтүстік жағажайда. Жалпы, енді жылдан-жылға туристердің қолайлылығы үшін, демалушылардың қолайлылығы үшін барлық жұмыстар атқарылып жатыр

Ең көп демалушы жиналған орындардың бірі 5-ші жағажай. Мұнда демалыс күндері 5 мыңға жуық адам келген. Сондай ақ қонақтарға арнап флайборд-шоу мен мерекелік концерттер ұйымдастырылды. 

ДАСТАН МАРАТҰЛЫ
ТІЛШІ
«Шілденің аптап ыстығында бұл жер азан-қазан болып, күніне 5 мыңға жуық адамды қабылдаса, қазір тым-тырыс, тек қана толқынның дауысы мен желдің үні ғана естіліп тұр. Жағажай қызметкерлері қазір бұл жерде инфрақұрылымды ретке келтіріп, келер жылғы маусымға дайындықты бастап кеткен» 

АСПАНДИЯР САНЖАР
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ 5 ШІ ЖАҒАЖАЙЫН БАСҚАРУШЫ
«Қазіргі инфрақұрылымды жаңартуға жұмыстар жасалып жатыр. Ескірген заттардың бәрін қалпына келтірудеміз, жаңадан душтар қойылды. Келесі сезонға дайындық басталып кетті қазір. Бізде ең басты басымдық бергені ол жағажайдың тазалығы мен құтқарушылар болды. 26-дан астам құтқарушы болды, 20-дан астам санитарлық қызметке арналған жұмысшылар қызметте жұмыс жасады. 

Жылдан жылға даму үстіндегі Қонаев шаһары алдағы уақытта заманауи қонақүйлер, оңалту орталықтары және жабық аквапарктермен толығады деп жоспарланған. Бүгінде акваторий аумағында 140 тан астам демалымс аймағы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз: