Президент кітабы талқыланды
Қонаев қалалық кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды. Жиын барысында елдің келешегі, білім мен ғылым, мәдениет және қоғам дамуы сынды өзекті мәселелер қозғалды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, бұл еңбек – тек мемлекеттік қызметшілерге емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын барша оқырманға ой салатын құнды дүние. Әсіресе, ел ертеңін қолына алар жас ұрпақ үшін берері мол. Зиялы қауым өкілдері бұл еңбекті жастардың танымын кеңейтетін тағылымды дүние ретінде насихаттау қажет» дейді.
ЕРЖАН ӘБДІРАХМАНОВ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
« ... Ғылымға да ол кісі қараған, мәдениетке қараған. Ертеңгі біздің Қазақстанның саясат жолы қалай болады, соның бәрін өзі түсіндіріп берген. Енді әрбір кітап шыққаннан кейін мен өзім ойлаймын, бұл кітап халыққа арналған деп»