Экологиялық жол картасы

Алматы облысында 2030 жылға дейінгі экологиялық жол картасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Құжат аясында табиғатты қорғауға бағытталған 20 шара қарастырылған. Оның ішінде Алматы - 3 жылу электр орталығын газға көшіру, тазарту нысандарын салу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигондар ашу бар. Экологиялық ахуалды жақсартуда көгалдандыру жұмыстарына да айрықша мән берілмек. Алдағы уақытта Алматы агломерациясының аумағында жыл сайын 50 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. 


ДОСАН ОЛЖАБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Алматы облысы тұрғындарынан «Алматы Су» кәсіпорнының қызметіне байланысты, атап айтқанда, жағымсыз иістерге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр. Осыған байланысты аталған жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқаны, оның ішінде қаржыландырылу тетіктері мен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы біз үшін маңызды. Сонымен қатар жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу жобаларын іске асыру мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр» 

Сондай-ақ оқыңыз: