Жаңа зертхана ашылды
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында заманауи бактериологиялық зертхана іске қосылды. Енді дәрігерлер науқастарға емді, нақты зертханалық анализге сүйеніп тағайындайды. Бұл жүйе ағзаға артық дәрі жүктемей, дертті тез айықтыруға мүмкіндік бермек. Жаңа орталық жайы келесі сюжетте.
Бұл орталық Шенгелді ауылындағы фельдшерлік-акушерлік амбулаторияда ашылды. Жергілікті тұрғындар үшін үлкен жеңілдік. Бұрын мұндай сараптамаға біршама уақыт кетсе, енді нақты диагноз небәрі бір тәулікте дайын болады.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Әр үлкен ірі емхана, ірі ауруханалардың ішінде, Алматы облысында зертхана бар, бірақ осыған дейін осы Қонаев қаласының ішінде бактериологтық зертхана болмаған. Бұл зертхана халықаралық және өзіміздің медициналық стандарттарға сонымен сәйкес келеді»
Жоба құны 30 млн теңге. Зертхана АҚШ-тың соңғы үлгідегі автоматикалық құрылғысымен жабдықталған. Ол инфекцияның нақты түрін және оған дәл қай антибиотик әсер ететінін бірден анықтайды» дейді мамандар.
САЛТАНАТ ДӘКЕЕВА
ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
«Адамда жанағы емдемес бұрын қандай дәрімен емдеу керектігін осы бірінші микробиологиялық зертханаға талдауын тапсырып, сол арқылы біліп, ары қарай дәрігер осы біздің шығарып берген нақты қандай жанағы немен емдеу керектігін осы осы микробиологиялық зертхана шығарып береміз дәрігерге.»
Жаңа орталықта 5 маман қызмет етеді, олар арнайы оқуға қатысқан. Тұрғындар үшін бұл тексерулер міндетті әлеуметтік мед сақтандыру аясында толықтай тегін жүргізіледі.