Кәріз құбыры жарылды
Қарасай ауданы, Абай ауылының Абай көшесінде ескі кәріз құбыры жарылып, қолқаны қабатын жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды. Оған себеп – басталған жұмыстың аяқсыз қалуы.Салдарынан құбыр жарылып, айналаға қолайсыздық келтіріп отыр. Осылай деп Абай ауылы тұрғындары арнамызға шағымданды. Мән-жәйді әріптесім Ақжан Анапия анықтап қайтты.
Көшедегі ескі кәріз құбырын ауыстыру жұмысы үш ай бұрын басталған. Алайда құрылыс барысында бір жұмысшы үйінді астында қалып, көз жұмды. Осы себептен жұмыс бір жарым айға шегеріліп, қазылған жер уақытша жабылған. Жүк көлігі дәл сол тұсқа тоқтап, онсыз да тозығы жетіп тұрған құбыр жарылды. Кәріз суы жер астынан үйді-үйге тарап, көшені жайлады. Тұрғындар жұмыстың тиянақсыз, уақытылы істелмегеніне наразы.
СӘРСЕНБЕК ЖҮНІСОВ
АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Двордың бәріне кіріп, үйлердің подвалдарына кіріп жатыр мына жерде. Сондай жағдай. Мына енді тұр. Мына жақта бәрі. Келетін де адам жоқ сияқты. Істеп жатқан да адам жоқ сияқты. Не болады мынау. Бүткл бір ауыл көше ғой енді.»
ЕЛДАР САПАРОВ
АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Осы салада жүрмін да мен білемін. Оснавание жоқ. Төрт метр қазған. Құр топыраққа ,,,,,, атқан. Трубаны топырақпен көтере салған уклонмен. Ол болмайды олай. Астына құм төсеу керек. Сосын шебень төсеу керек. Сосын ату керек,,,,, мен.»
Жұмысты орындауға жауапты – «Монтаж строй» мердігер ұйымы. Компания 57 млн.теңгеге жуық тендерді ұтып алған. Алайда мердігер мекеменің басшылары апат болған жерге келмеді дейді тұрғындар. Ал жұмысшылардың өз уәжі бар. Құбырдың жарылуына тек жүк көлігінің орынсыз жерге тоқтауы ғана емес, адамдардың кәрізге қоқыс тастауы да себеп болғаны айтады. Ал әкімдік өкілдері болса көшедегі кәрізді жөндеу жұмысы енді қатаң қадағаланады дейді.
САЛАУАТ ҚАЗИЕВ
РАЙЫМБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазір мердігер мекеме шақырылды. Ол жұмыстар толықтай жасалатын болады. Бір жарым ай ашық тұрғаны шындыққа жатпайды. Себебі бұл жерде күнделікті мердігер жұмыс істеді. Ол енді ашық тұрған жерлерді, мердігерді біздің требованиеміз бойынша толықтай жұмыстар дер кезнде аяқталған болатын. Енді Абай көшесінде жұмыстар жалғасуда.
Көшеде топырақ опырылып, жүрудің өзі қауіпті. Жұмысты жалғастыру үшін құдықты қайта тазалау қажет. Ал құрылыс жұмысы он бесінші қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.