Таза орта
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпоблыстық сенбілік өтті. Қонаев қаласының тұрғындары аумақты тазалап, абаттандыру жұмысына атсалысты. Жалпы, бұл күні облыс бойынша тазалыққа 25 мыңға жуық адам жұмылды. Нәтижесінде 319 гектар аумақтан 584 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Жыл басынан бері өңірдегі экологиялық шараларға 663 мыңнан астам адам қатысқан. Сонымен қатар облыс көлемінде 104 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
ЕРСҰЛТАН МҰРАТБАЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ
«Сенбіліктер өтуде. Біздің мониторинговый группаның арқасында осы қаланың аумақтарындағы заңсыз төгілген қоқыс өнімдерін анықтау жүргізіледі және әр аптаның бейсенбі күні сол анықталған жерлерге санитарлық тазалау жүргізіледі»